Йеменде хоуситтерге әуе шабуылы жалғасуда

Әскери әуежайы мен қасындағы азаматтық әуежайда өрт шықты.

316070
Йеменде хоуситтерге әуе шабуылы жалғасуда

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері Йеменнің Худейде қаласындағы әскери әуежайы мен әскери қорғаныс нысандарына шабуыл жасады.


Шабуылдар нәтижесінде жойқын жарылыстар болды. Әскери әуежайы мен қасындағы азаматтық әуежайда өрт шықты.


Коалиция күштерінің келесі шабуылдары Худейденің Әд Дахи аймағында Энсаруллах қозғалысының жиналу орталығы Әл Джеббани лагерін нысанаға алды.


Хоуситтердің Әл Месира телеарнасы да коалиция күштерінің шабуылында бидай мен ұн қоймаларының атқыланғанын, бір жұмысшының қаза тапқанын алға тартты.


Сонымен қатар хоуситтер Таиз қаласында кейбір аудандарға зымыранмен шабуылдады, 3 адам қаза тапты, 25 адам жараланды.


Аденге қарасты Инма қаласында да бір әйел мен үш бала қаза тапты. Хоуситтер жалпы шабуылдарын коалиция күштерінің ұшақтары ұшпайтын ауызашар мен сәресі кезінде жасап отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар