БҰҰ-ның "2014 Босқындар рапорты" жарияланды

Келімсектер саны 2014 жылы 60 миллионға жетті.

308951
БҰҰ-ның "2014 Босқындар рапорты" жарияланды

Бұл көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда 8 миллион 300 мың адамға көп.
БҰҰ дайындаған рапортқа қарағанда ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстан бері ең үлкен келімсек саны осы.
Орташығыс, Африка, Азия, Латын Америка сияқты көптеген аймақта қайғылы оқиғалар болып жатқан сайын Жерорта теңізіндегі трагедияның ауқымы артуда.
Рапорт 19 миллион 500 мың келімсекті, 38 миллион 200 мың елсіз адамды және саяси паналаудың қорытындысын күткен 1 миллион 800 мың адамды қамтиды.
Бұл есеппен дүниежүзінде әр 122 адамның бірі не босқын, не үйін тастап кеткен, не болмаса саяси паналаушы.
Осы бейшара күйдегі адамдардың алдынғы бағыты болса Еуропаға өту үшін жандарына қауіп төнген Жерорта теңізінен өтеді.
Осы жолмен Еуропаға өткен адам саны 6 миллион 700 мың, яғни алдынғы жылмен салыстырғанда екі есе көп.
28 Еуроодақ мемлекеті арасында ең көп саяси паналау үшін талап етілген ел Германия.
Сандық көрсеткіштерге қарағанда ең көп паналау үшін шағымданған ел болса, 4 жылдан бері ішкі соғыс жалғасқан Сирия.
Елде 11 миллион 600 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүрленген.
БҰҰ осы қорқынышты көрсеткіштің тағы 10 жыл бойы жақсармайтынын болжап уайымдарын тілге тиек етуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар