MIKTA Сыртқы істер министрлері жиналысы

Австралия MIKTA-ның ұйымдастырушы елі болады

284238
MIKTA Сыртқы істер министрлері жиналысы

Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия және Австралиядан құралған елдер, қысқашы аты MIKTA-ның 5-ші Сыртқы істер министрлері жиналысы Оңтүстік Кореяда өтті.
Жиналыста Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбіт күші операциясынан қауіпсіздік кеңесі реформаларына, террормен күресуден келімсектер мәселесіне дейінгі көптеген тақырып талқыға салынды.
Өркендеу ынтымақтастығы, климат өзгерісі, ауыр қару қауіпсіздігі сынды тақырыптардың да қолға алынған жиналыста сонымен қатар MIKTA-ның ресми сайтының ашылуы да тілге тиек болды.
Австралияның қыркүйек айынан бастап MIKTA-ның ұйымдастырушы елі болуына шешім жасалды.
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ жиналыста Сирия дағдарысының шешімі жөніндегі көзқарасын түсіндірді. Женева хаттамасының атқарылуы үшін Сирия режиміне қысым жасалуы керектігін айтты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар