Швеция мен норвегиялық активисттер Газаға қарай жолға шықты

Израиль Сыртқы істер министрі Швециядан шыққан жәрдем қайығы жайлы мәлімдеме жасады.

270822
Швеция мен норвегиялық активисттер Газаға қарай жолға шықты

Израиль Газаға бағытталған қоршауды жоюды мақсат еткен Швеция мен норвегиялық активисттер мінген «Marianne» атты балықшы қайығының аймаққа қарай бағыт алуын провокация екенін мәлімдеді.
Израиль Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Эммануэль Нашсон баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Швециядан шыққан кемемен байланысты «Жәрдемдерін Израиль арқылы жіберу керек» деді.
Нашсон мәлімдемесінде «Газадағы жағдайды кеме жіберіп ‘драмаға’ айналдырудың маңызы жоқ» деді.
Араларында израильдік Швеция азаматы Дрор Фейлер де бар Швеция мен норвегиялық 13 активист дүйсенбі күні жолға шыққан гуманитарлық жәрдем материалдары жүкті «Marianne» атты балықшы қайығымен келесі айдың ортасында Газаға ұласуды жоспарлайды.
Marianne баспасөз мәлімдемешісі Михаэль Карлссон Израильдің Газаға жасаған қоршауын жою үшін жаңа бір бастама жасағандарын атап «Осы жолы Газаға барғанда Израильдің бізге кедергі жасамауын үміт етеміз» деді.
Израильдің қоршауын жою мақсатты жолға шыққан 5 кеме 2008 жылы қоршауды теңіз арқылы жойған болатын. Дегенмен Израиль 2010 жылы Стамбұлдан жолға шыққан Мави Мәрмәр атты кемеге шабуыл жасап, осы шабуылда 10 түрік азаматы қаза тапқан болатын және 50-ден астам адам жарақат алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар