Түркия сатып алған 'Airbus A400M' әскери ұшағы Испанияда құлады

Севилья әуежайы маңында құлаған әскери ұшақтың соңғы сынақтарынан өтіп жатқаны білдірілді.

268989
Түркия сатып алған 'Airbus A400M' әскери ұшағы Испанияда құлады

Испанияның Севилья қаласында сынақтан өту үшін ұшып жатқан «Airbus A400M» типі әскери ұшақтың құлауы нәтижесінде соңғы мәліметтерге қарағанда 4 адам қаза тапты, 2 адам болса ауыр жарақат алды.
Севилья әуежайы маңында құлаған ұшақтың Түркия тарапынан сатып алынғаны және соңғы сынақтарынан өтіп жатқаны білдірілді.
Апаттың артынан Севилья әуежайынан рейстердің ұшуына тыйым салынды.
Испания премьер-министрі Мариано Ражой аварияға ненің себеп болғанының әлі белгісіз екенін атап айтты.
Оқиғамен байланысты Испания, Франция және Германия қорғаныс министрлерінің бүгін бас қосуы күтіледі.
Airbus A400M типі әскери ұшақтарынан 10 данасының 2018 жылға дейін Түркияға тапсыруына шешім қабылданған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар