Израильде үкіметті құру міндеті Беньямин Нетаньяхуға берілді

Израиль президенті Ривлин үкіметті құру міндетін 17 наурыз сайлауынан жеңіспен шыққан Беньямин Нетаньяхуға тапсырды.

282131
Израильде үкіметті құру міндеті Беньямин Нетаньяхуға берілді

Израиль президенті Реувен Ривлин «Барлық партиялармен кеңескен соң коалиция үкіметін құру үшін алғашқы мүмкіншілікті Израиль парламенті мүшелерінің көпшілігінен қолдау алған үміткерге беруге шешім қабылдадым» деді.
Ликуд партиясының 30 орындық алғаны сайлауда «Сионистік Бірлік» 24, Біріккен Араб тізімі болса 13 орындық алған болатын.
Үкіметті құру үшін 120 орындықты Израиль Мәжілісінде 61 орындыққа ие болу шарты бар.
Сайлау қорытындысына қарағанда ешбір партия бір өзі үкімет құра алатын көпшілік дауысты жинай алмағаны себепті жаңа үкімет коалиция үкіметі болып құрылады.
Израиль заңдарына қарағанда үкімет құрумен тағайындалған тұлғаның 42 күннің ішінде коалицияны құруы міндетті. Нетаньяху үкімет құру міндетін табысты аяқтамаған жағдайда президент бұл міндетті басқа депутатқа тапсырады.
Екінші депутатта табысқа жете алмайтын болса мәжіліс президентке үшінші бір үміткер ұсынады. Осы жолмен де үкімет құрыла алмаса 90 күннің ішінде қайта сайлау өткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар