Норвегия премьер-министрі Саркисянның шақыруын қабылдамады

Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг Армения президенті Серж Саркисянның шақыруын қабылдамады.

265475
Норвегия премьер-министрі Саркисянның шақыруын қабылдамады

Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг 1915 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы себепті Арменияда ұйымдастырылатын еске алу рәсіміне бармайтынын жариялады.
Армения президенті Серж Саркисянның шақыруын қабылдамаған Солберг өздері үшін Түркиямен ынтымақтастықтың одан маңызды екенін атап айтты.
Солберг «Осы тақырыпта Түркия қайта қайта мұрағаттарды ашуды және бейтарап тарихшылардан құрылған бір комиссияның оқиғаларды зерттеуін ұсынды. Армения болса бұл шақыруларды естіместей болып, жауапсыз қалдырды. Меніңше осы тақырып тек қана тарихшылардың мәселесі. Мұны саяси бір құралға айналдырмау керек» деді.
Норвегия премьер-министрлік кеңесшісі Баард Глад Педерсен болса тарихы тақырыптардың шешімін тарихшыларға қалдыру керектігін атап «Осы тақырып соңғы жылдары жиі пікір таласқа айналған бір тақырып. Дегенмен ненің қырғын болып болмағаны БҰҰ қаулыларында қамтылған. Сондықтан бұл тақырыпты тарихшыларға қалдырайық, олар шешсін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар