Украина президентінен Қырым жөнінде мәлімдеме

Порошенко Украинаның Қырымнан ешқашан бас тартпайтынын айтты.

229681
Украина президентінен Қырым жөнінде мәлімдеме

Порошенко Украинаның Қырымнан ешқашан бас тартпайтынын айтты.


Украина президенті Порошенко Қырымның заңсыз жолдармен Ресейге аннексиясының бір жылдығында жазбаша мәлімдеме жариялады. Порошенко Қырымда өмір сүретін азаматтардың барлық құқықтарын қорғауға талпынатындарын білдірді.


1918 жылы 23 ақпан күні Қырымтатарларының ұлы ойшылы, Ұлттық құрылтайдың төрағасы және құрушыларының бірі, Қырым мүфтиі және Қырым ұлттық ән ұранының авторы Нуман Челебиджанды большевиктердің асып өлтіргенін еске салған Порошенко бір жыл бұрын да адам баласының Украинаның бөлінбес бөлшегі Қырым басқыншылығына куә болғанын атап айтты.


Украина президентің айтуы бойынша, Қырымда өмір сүретін халықтардың құқықтарының бұзылғанына байланысты көптеген айғақ бар. «Украина мемлекетіне және Қырымдағы азаматтарға қарсы қылмыс жасағандар бір күні міндетті түрде сотталады» деді ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар