Террор ұйымы ИШИМ-ге бағытталған операциялар жалғасуда

Франция әуе шабуылдары үшін Басра Шығанағына ұшақ кемесін жіберді.

229140
Террор ұйымы ИШИМ-ге бағытталған операциялар жалғасуда

Коалиция күштеріне тиесілі бір жойғыш ұшақтың Сирияда Камышлы қаласына қарасты Заак ауылын бомбалағаны, шабуылда 9 адамның қаза тапқаны білдірілді.
Хасеке мен Камышлы қаласының оңтүстігінде болса ИШИМ мен кейбір күрд топтар арасында шыққан қақтығыс үздіксіз жалғасуда.
Күрд топтар халықаралық коалиция күштеріне қарасты ұшақтардың қолдауымен ИШИМ-нің бақылауындағы Тель-Хамиске қарай жақындады.
Операциялар аясында Францияға тиесілі бір ұшақ кемесінің ИШИМ-мен күрес үшін Басра Шығанағына барғаны білдірілді.
Бахрейннің 200 шақырым солтүстігіне қоныстанған кеме Иракта ИШИМ-ге қарсы күресте ұйымдастырылатын әуе шабуылдарында қолданылады.
Иракта ИШИМ-ге бағытталған ауқымды құрлық операциясы үшін АҚШ әскерлерінің қайта оралуымен байланысты пікірталастар жалғасуда.
Ирак Қорғаныс министрі Халид әл-Убейди мұның жүзеге асуы үшін елде 100 пайыз саяси қолдау болу керектігін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар