Бельгиялық саясат қайраткері Құранды балағаттады

Түрік текті депутат Вели Юксел де парламентте келеңсіз оқиға болғанын айтты.

195674
Бельгиялық саясат қайраткері Құранды балағаттады

Бельгиялық саясат қайраткері Құранды балағаттады.


Нәсілшіл және Исламға қарсы Фламанд мүддесі партиясының бұрынғы басшысы Филип Девинтер парламентте Құранды балағаттады.


Филип Девинтер Бельгия парламентінің «Мешіттер мен радикализм» тақырыптары талқыланған отырысында Ішкі істер министріне сұрақ сұрау мақсатымен мінберге шықты.
Сөзі барысында қолындағы Құран кітапты жоғары көтерген Девинтер «Көптеген жамандықтың себебі, барлық жамандықтың қайнар көзі» деді.


Өлтіру рұқсаттың Құраннан алынғанын алға тартқан саясат қайраткері Бельгияның мешіттерге қаражат бөліп, шетелдерден келген имамдарға жұмыс бермеуі керектігін айтты.
Ішкі істер министрі Джон Джамбон болса Девинтердің сөзін айыптап, «Осы елде көптеген адам қасиетті деп есептейтін кітапты жоғары көтеріп-ап бұлғап тұрсыз, сол қоғамды мазақ қып тұрсыз» деді.


Фламанд ұлтшыл партиясының мүшесі Джамбон Бельгиядағы мұсылмандар арасында радикалдерінің бар екенін және оларға қарсы бірге күрес жүргізуді мақсат еткендерін, алайда Девинтердің Ислам жөніндегі сөздеріне қосылмайтындарын атап көрсетті.


Түрік текті депутат Вели Юксел де парламентте келеңсіз оқиға болғанын айтты.


Юксел «Нәсілшіл партияның мақсаты мұсылман қоғамын арандату. Сосын» бұлар күш қолданады, сынды жақсы көрмейді, сөз бостандығын қабылдамайды» деп айтады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар