Жаңа Суец каналының бір бөлігі құлады

Мысырдың соңғы кездердегі ең үлкен жобаларының бірі Суец каналының бір бөлігінің құлағаны білдірілді.

189818
Жаңа Суец каналының бір бөлігі құлады

Қауіпсіздік ақпарат көздерінің мағлұматтарына қарағанда Жаңа Суец каналының шығысында салынып жатқан шөгінді хауыздардың бірі жартылай құлады. Оқиғада қаза тапқан және жараланған болмағаны жарияланды. Жергілікті ақпарат көздері болса 250 жұмысшының жоғалғанын алға тартты.
Мысырлық лауазымдылар оқиғамен байланысты кезкелген бір мәлімдеме жасамады.
Суец каналының Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі жағындағы бөлімдерінің кеңейтілуіне қоса, «орта бөлімдерінде» 35 шақырымдық қашықтық үшін де параллелді бір канал ашылуы жоспарланады.
Кеңейту жұмыстарының артынан мұның алдында кейбір жерлерінде өту үшін күткен кемелер екі жақты жүзе алатын болады.
Осы жобамен байланысты Суец каналынан өтетін кемелердің саны артып, 2023 жылы аталмыш жоба арқылы Мысырдың канал табысының 200 пайыздан асатыны алға тартылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар