АҚШ-та шерулер ел көлеміне тарады

АҚШ-та қара нәсілдердің өлтірілуіне наразылықтар жалғасуда.

140595
АҚШ-та шерулер ел көлеміне тарады

Протест шерулерінде сәрсенбі күнінен бері тергеуге алынғандар саны 300-ден асты.
Миссури де басталған және өлтірілген қара нәсілдердің артынан наразылық шерулері ел көлеміне тарады.
Соңғы рет Нью-Йоркта қара нәсілді американдық Эрик Гарнердың өліміне себеп болған полиция туралы тергеуді тоқтату шешімі қабылдануымен басталған ереуілдер жалғасуда.
Вашингтонда ереуілшілер Гарнердің өлтірілуін протест етті. Нью-Йоркта болса ереуілшілер белгілі дүкендер мен «Grand Central» пойыз станциясына басып кірді.
Ереуілшілер «Тыныс ала алмаймын», «Әділет жоқ жерде, бейбітшілікте жоқ», «Қара нәсілдердің өмірлері де құнды» деген ұрандар тастап, Манхэттенде жол қатынасын кешіктірді.
Калифорнияның Беркли және Окленд қалаларында болса көшелерде қақтығыстар шықты.
Ереуілшілер полицияға шиша және тас лақтырды. Көптеген адам тергеуге алынды.
Нью-Йорктің Статен-Айленд аймағында 17 шілде күнгі оқиғада қара нәсілді американдық Гарнерге заңсыз темекі сатқаны себепті тергеуге алуға әрекет жасалған болатын.
Бір топ полиция қызметкерінің көмегімен Даниэл Панталео атты полиция тарапынан қылқындырылып жерге жатқызылған Гарнер кейін қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар