АҚШ-тың Фергусон ауданында шыққан қақтығыстар жалғасуда

Фергусон жаза сотының қара нәсілді жасты өлтірген полицияны ақтауымен басталған шерулер қақтығысқа айналды.

206482
АҚШ-тың Фергусон ауданында шыққан қақтығыстар жалғасуда

АҚШ-тың Миссиру уәлаятына қарасты Фергусон ауданы екі күннен бері жалғасқан қақтығыстармен шайқалуда.
Фергусон жаза сотының қара нәсілді жасты өлтірген полицияны ақтауымен басталған шерулер қақтығысқа айналды. Түнімен жалғасқан қақтығыстарда тағы 44 адам тергеуге алынды. Фергусон көшелеріндегі кейбір ғимараттар өртенді.
Аудандағы шерулердің екінші күні дүкендер талан-таражға ұшырады. Полиция көліктеріне шабуыл жасалды. Ауданда мыңдаған адам полиция бөлімшелерінің алдында шеру ұйымдастырды.
Қара нәсілді жас өлтірілген жерде тағы екі қара нәсілді жастың мәйіті табылды. Оқиғалардың бір-бірімен байланысты болып болмағаны белгісіз.
Окленд қаласында полиция жолды қатынасқа жапқан ереуілшілерді тарқатты. Ауданда талан-тараждар артты, полиция көліктері шабуылға ұшырады.
Көптеген қалада Фергусон сотының шешіміне қарсы наразылық шерулері өтті, ондаған адам тергеуге алынды.
Адам құқықтары қорғаушылары АҚШ-та полицияның әр 28 сағатта бір қара нәсілді адамды өлтірілгенін алға тартуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар