АҚШ ISIS нысаналарына 18 әуе шабуылы жасады

Шабуылдарда ISIS қорғаныстары мен көліктері нысанаға алынды.

167807
АҚШ ISIS нысаналарына 18 әуе шабуылы жасады

Коалиция күштері террор ұйымы ISIS-тің Сирия мен Ирактағы нысаналарына 18 жаңа әуе шабуылы ұйымдастырды.

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы жасаған мәлімдемеде АҚШ армиясының Сириядағы ISIS нысаналарына жойғыш және бомбалау ұшақтарымен 6 шабуыл жасағаны, Ирактағы нысаналарға болса коалиция күштерінің 12 әуе шабуылы ұйымдастырғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеге қарағанда Сириядағы шабуылдар Кобани төңірегіне жасалды.
Ирактағы Мосул су қоймасы маңына жасалған шабуылдарда болса ұйымның көптеген қорғаныс орны мен 3 көлігі жойылды.
Соңғы шабуылдармен ұйымның шабуылдарының шектелгеніне назар аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар