Украина дағдарысы әлем басшыларының күн тәртібінде

Украинаның шығысындағы қақтығыстар НАТО саммитінде әлем басшыларының күн тәртібіне келді

113715
Украина дағдарысы әлем басшыларының күн тәртібінде

Америка Құрама Штаттары президенті барак Обама және Еуроодақ мемлекеттерінің басшылары НАТО саммитінде Украина президенті Петр Порошенкомен бас қосып, аймақтағы соңғы жаңалықтарды қолға алады.
Осында Порошенко Германия премьер-министрі Ангела Мергельмен телефонда әңгімелесті.
Кездесуде Минсктегі жиналыс НАТО саммиті мен Украина дағдарысы қолға алынды.
Басқа жағынан әлем мемлекеттері Ресейге қарсы санкцияларын арттыруда.
Америка Құрама Штаттары шамамен 200 әскерін айдың аяғында Украинаға жіберетінін жариялады.
Франция да Ресей үшін өндірілген Мистрал типі тікұшақ тасымалдайтын кеменің өткізу процесін Украина дағдарысы себепті тоқтатқанын жариялады.
Президент аппаратынан жасалған мәлімдемеде «соғыс кемесін өткізу үшін шарттардың ыңғайсыз екені» алға тартылды.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камерон болса «Ресей Украинадағы операцияларын жалғастырған жағдайда елге бағытталған санкцияларымызды арттырамыз» деді.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресей президенті Владимир Путиннің Донбас дағдарысының шешімі үшін ұсынған 7 баптан тұратын тұрақтылық жоспарының «Ресейшіл бөлшектеушілерді құтқару жоспары» екенін атап көрсетті.
Яценюк шабуылдардың тоқтатылуы үшін НАТО мен Еуроодақ шешімдерін күткендерін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар