Шетелдік сарбаздар мәселесі қаралады

Заңсыз қарулы топтарға басқа елдердің азаматтарының келіп қосылуының алдын алу тақырыбы 25 қыркүйек күні қаралады.

149009
Шетелдік сарбаздар мәселесі қаралады

Сирия және Ирактағы радикал топтар арасында соғысып жүрген шетелдік сарбаздар тақырыбы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қолға алынады.


Осы елдердегі заңсыз қарулы топтарға басқа елдердің азаматтарының келіп қосылуының алдын алу тақырыбы 25 қыркүйек күні қаралады.


Ирак Левант Ислам мемлекеті ұйымының Америка Құрама Штаттарының журналистін өлтіруімен күн тәртібіне келген Ирак пен Сириядағы осындай топтармен күрес үшін Қауіпсіздік кеңесіне қарар жобасы дайындалды.


Кеңес жиналысын АҚШ президенті Барак Обама басқарады. Аталмыш жобаның бірауыздан қабылдануы күтіліп отыр.


Ирак пен Сирияда қару топтарға қосылған шетелдік азаматтар аймақта адамдыққа жатпайтын әрекеттерге қатысады. Артынан өз елдеріне оралып, осындай зұлымдықтарды өз азаматтарына да істейді деген үрей үдеп барады.


Кеңеске ұсынылатын жоба шетелдік сарбаздардың радикал топтарға қосылуының алдын алу және ұлттық үкіметтердің өз азаматтарының осы елдерге кетуіне кедергі болуына көмектесуді мақсат етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар