Еуроодақтың Ресейге санкциялары ауырлауы мүмкін

Ресей мұнай компаниялары акцияларының Еуропа нарығына кіруі қиындайды

113330
Еуроодақтың Ресейге санкциялары ауырлауы мүмкін
Еуроодаққа мүше елдер Украинаның шығысынан әскерлерін алып кетпеген жағдайда Ресейге санкцияларды ауырлатуға әзірленуде.
Еуроодақ комиссиясы мүше елдерге жіберілген санкция жобаларында Ресейдің мемлекеттің меншігіндегі мұнай мен қару-жарақ компанияларының қор құруына тиым салынуын талап етілген. Комиссияның ұсынысы қабылданатын болса Ресей мұнай компанияларының акциялары мен бағалы қағаздар шығарып немесе синдикат несиесі алып Еуропа нарығына кіруіне тиым салынатын болады.
Еуроодаққа мүше елдердің күн тәртібінде Ресейге мұнай және жанама секторларда жоғары технология экспортын шектейтін шаралар да бар. Еуроодақ комиссиясы мүше елдерден Ресейдің ішінде Әлем Кубогы мен Еуропа чемпионаттары да бар халықаралық спорт және мәдени іс шаралардан оқшау қалдырылуын талқыға салуын талап етті. Бірақ мүше елдердің көпшілігі әзірге 2018-ФИФА Әлем чемпионатының Ресейде өткізілуі шешімін талқыға салуға онша жылы қарап отырған жоқ.
Еуроодақтың экономикалық және сауда санкцияларына ауыл шаруашылығы мен азық-түлік санкциясы арқылы жауап берген Мәскеудің ендігі қадамның автокөлік секторы болатынын мәлімдеуі Германия, Чехия, Словакия мен Венгрия сияқты елдерді ойландырып отыр.
Соған қарамастан Украинаның шығысынан Ресей әскерлері кері шегінбеген жағдайда Еуроодақтың экономикалық және сауда санкцияларды ауырлатуы күтіліп отыр.
Өткен аптада Брюссельде бас қосқан Еуроодақ саммитінде Ресейден Украинадағы әскерлерін кері әкету талап етілген болатын.

Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар