Италияға кіруге әрекет жасаған 4 мың эмигрант құтқарылды

Еуропа Одағы мемлекеттеріне заңсыз жолдардан барған эмигрант саны артуда

112048
Италияға кіруге әрекет жасаған 4 мың эмигрант құтқарылды

Италия өткен аптаның аяғында теңіз жолы арқылы елге кіруге әрекет жасаған 4 мыңнан астам эмигрантты құтқарды.
Латын тілінде Жерорта теңізі деген мағынаға келетін «Mare Nostrum» құтқару операциясына фрегаттар, жағалау кемелері және тікұшақтар қатысты.
Операцияның аяғында ұсталған 4 мыңнан астам эмигранттың Еуропаға өту арманы да суға батты.
Биыл Африка, Сирия, Ирак сияқты елдерден теңіз жолы арқылы Еуроодақ мемлекеттеріне кіруге әрекет жасаған кезде қайықтары суға батқан 110 мың заңсыз эмигрант құтқарылды.
Мың 889 эмигрант болса суда жан берді.
Италия бір жыл бұрын бастаған және 13 миллион доллар қаржы жұмсалған ‘Mare Nostrum’ деп аталған құтқару операциясын мойындай алмайтынын жариялаған соң Еуропа Одағы Жерорта теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ‘Frontex Plus’ атындағы операцияны бастайтынын мәлімдеген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар