Әлем жағымсыз ауа-райының қыспағында

Көптеген аймақты нөсер жауын салдарынан сел басуда

97598
Әлем жағымсыз ауа-райының қыспағында

Жапонияның Хироcима қаласында 3 аймақта нөсер жауынның салдарынан көшкін пайда болды. Көшкінде 18 адам қаза тапты, 10-нан астам адам жоғалып кетті. Өлгендердің саны көбеюі мүмкін деген алаңдаушылық та бар. Көптеген үйлер мен автокөліктер зардап шекті.
Іздеу-құтқару жұмыстарына әскерилер жәрдем беруде.
Панаманың батысында да нөсер жауын салдарынан бір өзен арнасынан тасыды. Сел салдарынан 9 адам қаза тапты. 12 үй толықтай қирап, 30 шақты үй де үлкен зиян көрген аймақта төтенше жағдай жарияланды.
Ал АҚШ-тың Аризона штатында да сел болды. Фениск қаласында жолдарды су басты. Аймақта жағымсыз ауа-райы бірнеше күн тағы жалғасуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар