Израильдің өтірігі шығып қалды

3 еврей жігіттің өлтірілуіне ХАМАС-тың қатысы жоқ екен

75373
Израильдің өтірігі шығып қалды

Жоғалып кеткен 3 еврей жігітті ХАМАС-тан көрген Израиль осыны сылтауратып, Газаға шабуыл бастаған болатын.
Израиль полициясы баспасөз өкілі BBC журналистіне берген сұхбатында жастарды ұрлап әкеткендердің ХАМАС-тан емес екенін мойындады.
Израиль премьер-министрі Нетеньяху «Жоғалып кеткен жастарды ХАМАС-тың ұрлап әкеткенінен шүбәміз жоқ. Аббас бұл ұйыммен әріптестігін тоқтатып, бірлікте құрылған үкіметті құлатуы керек» деген еді.
Израиль Газаға шабуылдарын бастауына себеп болған бұл өтірік 20 күн ішінде ортаға шықты.
Бұл шындықты әлем BBC журналисті Джон Доннисон өзінің твиттер парақшасына Израиль ішкі істер баспасөз хатшысы М. Розенфильдтің мойындауын қойғаннан кейін білді.
Розенфильдтің «Ұрланған еврей жігіттерді ХАМАС-тың өлтірмегенін айтқанын білдірген Доннисон, ішкі істер баспасөз хатшысының «ХАМАС қолымен жасалған болса бұл істі дереу шешкен болар едік. Бұл «тәуелсіз бір ұйым» дегенін жазған.
Бұл мойындау Палестиналықтар үшін сюрприз емес еді. Себебі ХАМАС әу бастан-ақ бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Израильде оппозицияның «үш жігіт бір көлік апатында өлді» дегені Израиль ақпарат құралдарында орын алып, газеттер еврей жастардың Израильдің бақылауындағы аймақта жоғалып кеткенін жазған еді.
Израиль Қаржы министрі де жүздеген баланың Рамазан айтты көре алмай өлуіне себеп болған сол өтірік жаланы байқамай бір телеарнада айтып қойды.
Израиль Қаржы министрі Лапид «Газаға кіру үшін әсері күшті бір оқиға керек еді. Қарап тұрып Газаға кірсек күллі әлем бізді айыптаған болар еді» деп, қырғын бастау үшін сылтау іздегендерін мойындағандай болды.
Газа қырғынының Израильдің өзін қорғау үшін керекті екенін жазып жатқан батыс ақпарат құралдары бұл шындық ортаға шыққаннан бері үнсіз қалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар