Еурокомиссияның жаңа басшысы - Жан-Клод Юнкер

Юнкердің басшылығындағы жаңа Еурокомиссия қараша айында міндетін бастайды.

130614
Еурокомиссияның жаңа басшысы - Жан-Клод Юнкер

Еурокомиссияның жаңа басшысы Жан-Клод Юнкер болды.


Люксембургтің бұрынғы премьер-министрі және Евро тобының бұрынғы төрағасы Юнкер Еуропа парламентінен қажетті мақұлдауды алды.


Еурокомиссияның басшылығы үшін жүргізілген сайлауда Юнкер 250 қарсы дауысқа қарамастан 422 дауыс жинады. Осылайша ол 5 жыл бойы Еуроодаққа бағыт беретін болды.


Оның басшылыққа сайлануы үшін 376 дауысты жинауы керек болатын.


59 жасар тәжірибелі саясат қайраткеріне Ұлыбритания премьер-министр Кэмерон қарсы шыққан болатын.


Юнкерді евроға деген сенімнің қайта қалануы мен экономикалық дағдарыстың доғарылуы сынды мықты міндеттер күтіп тұр. Ол «Алдымыздағы бес жыл бойы Еуроодақтың жаңа мүшесі болмайды» деп арасында Түркия да бар кандидат елдерге есікті жапты.


Юнкердің басшылығындағы жаңа Еурокомиссия қараша айында міндетін бастайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар