Сирия арнайы өкілі әл-Ибрахими отставкаға кетті

БҰҰ Бас ғимаратында Ибрахими баспасөз жиналысы өткізді

67295
Сирия арнайы өкілі әл-Ибрахими отставкаға кетті

БҰҰ және Араб лигасының Сирия арнайы өкілі әл-Ахдар әл-Ибрахими міндетінен отставкаға кетті.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен бірге кеше БҰҰ-ның Нью-Йорктағы Бас ғимаратында баспасөздің алдына шыққан Ибрахими міндетінен отставкаға кеткені себепті қайғырғанын атап айтты.
Сириядағы дағдарыстың ақыры тоқтайтынын атап айтқан Ибрахими «Мәселе баршаның өз жауапкершілігін орындауымен шешіледі. Осы түсініктің мақұлдануы үшін әлі қанша сириялық құрбан болуға тиісті. Міне негізгі мәселеде осы...» деп ренішін білдірді.
Жиналыста БҰҰ Бас хатшысы Пан қысқа сөйлеп, Ибрахимидің отставкаға кету арызын қабылдағанын мәлімдеді.
Ибрахими жасаған бастамаларға риза екенін атап көрсеткен Пан тәжірибелі дипломаттың орнына әлі кімнің тағайындалатыны жөнінде мағлұмат бермеді.
2012 жылдың тамыз айында міндетке тағайындалған Ибрахими 31 мамырдан бастап Сирия арнайы өкілдігі міндетін тастайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар