Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1693772
Әлем баспасөзіне шолу

el-Düstur (Иордания газеті): Ауғанстаннан кеткеннен кейін АҚШ президенті Джо Байден мен Американың рейтингі төмендеді.

el-Quds el-Arabi: Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірліктерінен жариялаған мәлімдемесінде қан төгісті болдырмау үшін Кабулдан кеткенін және ақша алып кеткені жөніндегі сөздердің жалған екенін айтты.

el-Quds el-Arabi: АҚШ әскерлері Кабул әуежайында қалың жұртты бақылауға алу үшін аспанға оқ атты.

zdf.de: Германия Ауғанстаннан 600-ден астам адамды эвакуациялады.

dpa.de: АҚШ: Бейбіт азаматтардың эвакуациясы үшін Талибанмен келісім жасалды.

ard.de: АҚШ-та Ковид-19 вакцинасының үшінші компоненті 20 қыркүйекте салына бастайды.

El País (Испания): Италия мафиясы екінші мекен ретінде Испанияны таңдады.

 La Jornada (Mексика): Мексика үкіметі Ирандағы елшілігі арқылы ауған босқындарды алу үшін жұмысын бастады.

El Comercio (Перу): Колумбиялық ақылы әскерлер Гаити мемлекет басшысын қалай өлтіргендерін мойындады.  Қастандыққа байланысты барлық нәрсені айтып берді.

Le Parisien: Ковид-19: Алжир мен Марокко сенбі күнінен бастап Францияның қызыл тізімінде орын алады.

Le Figaro: Францияның Вар аймағында өрт: Жел мен құрғақшылық өрт сөндірушілердің жұмысын қиындата түседі.

France 24: Ковид-19: ДДСҰ қазірге үшінші компонент вакцинаның қажет еместігін білдірді.

Lenta.ru: ТР президенті Режеп Тайып Ердоған аптаның аяғына қарай Ресей президенті Владимир Путинмен Ауғанстан тақырыбын сөйлесуі мүмкін екенін айтты.

Rossiyskaya Gazeta: Ресей Сыртқы істер министрлігі орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың сотын «жоспарлы арандату» деп атады.

RİA Novosti: Ресейдің Астрахань аймағында дайындық мақсатты ұшып жүрген Миг-29 типті ұшақ құлады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: ҚР СІМ Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Корея бизнесінің көшбасшыларымен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар