Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.
Al-Quds Al-Arabi: Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян алғаш рет Президент Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Al-Dustour (Иордания): Ливандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік рапорттарымен ескерту жасалды.
Al-Raya (Катар): Біріккен Ұлттар Ұйымының рапортына қарағанда Израиль әскерлері 2021 жылы 55 палестиналықты атып өлтірді.
Deutsche Welle: Германия 2021 жылының алғашқы 6 айында 47.400 босқынды қабылдады.
Tagesschau.de: Германияның Инфляциясы соңғы 28 жылдың ең жоғарғы деңгейіне жетті.
Wiener Zeitung: Австрия премьер-министрі Себастьян Курц соңғы рет Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен Берлинде кездесті.
El País (Испания): Австрия мен Польша Ауғанстан босқындарының келуін шектеу үшін Еуропа Одағының қатал топтарына лидерлік етуде.
El Comercio (Перу): АҚШ 20 жылдық соғыстан кейін Ауғанстаннан шықты және мемлекетті Талибанға тапсырып берді.
La Jornada (Мексика): Мексикада денсаулық қауіптерге қарсы қорғау федералдық комиссиясы (Cofepris) Куба вакцинасы "Abdala" жайлы болымды көзқарас білдірді.
Lenta.ru Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі Василий Небензя: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан шешімі тақырыбында қалыс дауыс бердік.
TASS: Ресейдің Иркуртск аймағында заңсыз қарағай саудасы жасағаны үшін бір Қытай фирмасына шағым түсті.
İzvestiya: Украина президент ақылшысы Алексей Арестович Ресеймен сауда қарым-қатынастарын үзу Украинаға пайдасыз екенін айтты. «Ресей бесінші ең үлкен сауда ортағымыз».
Le Monde: АҚШ әкімшілігі Америка күштерінің Ауғанстаннан шегіну процесінің тамамдалғанын жариялады.
Le Figaro: Оңтүстік Африка ғалымдары тез тарайтын жаңа бір Ковид-19 штамын бақылап отыр.
Le Matin (Швейцария): Ковид-19 : АҚШ әкімшілігі азаматтарына «Швейцарияға саяхат жасамаңдар» деген үн қатты.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумына қатысады.
Егемен Қазақстан газеті: Елбасы кітапханасы мен БҰҰ кітапханасы ниет туралы хатқа қол қойды.