Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.
el-Quds el-Arabi: Батыс Шерияның солтүстігінде Израиль әскерлері тарапынан өлтірілген 15 жасындағы бір жастың жаназасы шығарылды.
el-Quds el-Arabi: Алжирдің дипломатиялық қарым-қатынасты үзуіне орай Марокко «Бұл оқиғаға қатты қайғырдық және қалыпқа түсуін тілейміз» деді.
el-Raye el-Qatariyye (Катар): Катар зардап шеккен адамдарды Ауғанстаннан эвакуациялау үшін маңызды бір өткел.
tagesschau.de: Германия ұлттық барлау ұйымы төрағасы Детлеф Шееле Германияның жылына 400 мың босқынға мұқтажы болғанын айтып, үкіметке тағы көп босқын алуы жайлы үндеу тастады.
Welt.de: Үлкен жетілік саммитінде Германия премьер-министрі Ангела Меркель сөз сөйледі. Меркель «АҚШ болмай Кабулдан эвакуациялау жұмыстарын жалғастыра алмаймыз» деді.
Deutsche Welle: Талибан Ауғанстан азаматтарының мемлекеттен кетуіне рұқсат бермейтінін жариялады.
Le Parisien : Ковид-19: Жаңа бір зерттеуге қарағанда Pfizer және Moderna вакциналарының «Дельта»-ға қарсы ықпалы 66 пайызға төмендеді.
Le Figaro : Әлемдік банк Ауғанстанға бағытталған төлемдерін тоқтатты.
Le Monde : Мартиника аралы үш аптадан кейін жабылады.
La Vanguardia (Испания): АҚШ Президенті Джо Байден сындарға қарамастан 31 тамызда Кабулдан шегінуде табанды.
Infobae (Аргентина): Уругвай халқының 70 пайызы вакцинаның екінші дозасын ектірді.
Gazeta.ru: Катардағы Талибан офисінің өкілі Талибанның Ресей және Қытаймен қарым-қатынастарының жақсы екенін айтты.
Regnum : Ресейдің мемлекеттік қарызы 2021 жылының алғашқы 6 айында 20,4 триллион рублеге жетті.
TASS : Ресей Қорғаныс министрлігі Президент Владимир Путинің бұйрығымен Ресей, Украина және Коллектив Қауіпсіздік келісім ұйымына мүше елдердің 500-ден астам азаматын Ауғанстаннан эвакуациялайды.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі.
Егемен Қазақстан газеті: Президент көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.