Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1689857
Әлем баспасөзіне шолу

France 24: Франция президенті Эммануэль Макрон медицина дағдарысының «демократиялық» түрде басқарылғанын алға тартты.

Le Soir: Bennu астеориді: Жер шары үшін қауіпті ме? NASA есептерін қайтадан тексерді: Bennu – Күн жүйеміздегі белгілі ең қауіпті екі астеоридтің бірі.

Le Monde: Алжирдің солтүстігін жалмаған өрттерде 69 адам қаза тапты.

el-Düstur (Иордания газеті): Израиль 2021 жылдың басынан бері Шығыс Иерусалимде 81-ден көп ғимаратты құлатты.

el-Quds el-Arabi: Израиль мен Марокко Рабатта ынтымақтастық пен ақылдасу келісімдеріне қол қойды.

el-Raye el-Qatariyye (Катар газеті): Катар әмірі Шейх Темим бин Хамед әл Сани жаңа елшілердің тағайындалуына байланысты жарлыққа қол қойды.

Bild.de: Берлинде тыңшылық жанжалы. Ұлыбританияның Германиядағы елшілігінің бір қызметкері Ресейге тыңшылық жасады деген айыптаумен қамауға алынды.

Handelsblatt.de: Әлемнің ең ірі порты Нинбо жабылды.  Шанхай қаласына жақын жердегі порт коронавирус жұқтырған бір қызметкерге байланысты жабылды.

La Vanguardia (Испания): Испания өзі өндірген алғашқы ковид вакцинасының сынағына рұқсат берді.

Infobae (Aргентина): Ауғанстан: Талибан 9 қала орталығының бақылауын алғаннан кейін бір ай ішінде бас қала Кабулды оқшаулап, 90 күнде билікке келуі мүмкін.

Telesur (Венесуэла): Гаитиде жалпы халықтық сайлау 7 қараша күніне қалдырылды.

TASS ақпарат агенттігі: Бортында 13 турист және үш экипажы бар Mi-18 типті тікұшақ Камчаткаға кенеттен қонды.

Kommersant: Чех Республикасы Ресейдің қорғаныс өнімдерінің ең ірі сатып алушысы болды.

İzvestia: Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев президент Владимир Путиннің тапсырмасымен Якутиядағы орман өртін сөндіру аймағына барды.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: ҚР Президенті Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Егемен Қазақстан газеті: Алексей Цой Мемлекет басшысына эпиджағдай туралы есеп берді.



Ұқсас жаңалықтар