Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1673807
Әлем баспасөзіне шолу

Süddeutsche Zeitung: Германияда жаңа типтегі коронавирусты (Ковид-19) жұқтарғандар санының қайтадан көбейгені байқалуда. Мамандар төртінші толқынның келуінен алаңдауда.

Deutsche Welle: АҚШ-тың батысында ауа температурасы ең жоғары деңгейге жетті.

Bild.de: «Wembley» стадионында керемет бір финал матч өтті. Ұлыбритания мен Италия арасында өткен матчтан кейін ағылшындар көз жасын тия алмаса, италияндадар жеңістерін құттықтады.

El-Vatan (Катар) : Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) пандемиясынан аман-есен шығудың  жалғыз жолының вакцияна егу екенін пайымдауда.

El-Zeman (Ирак) : Коронавирус оқиғаларының артуына қарамастан Иракта Құрбан айт мейрамы (20-24 шілде) бойынша көшеге шықпау шектемесі жасалмайды.

El-Vatan (Оман) : Мысырдың бұрынғы президенті Энвер Седаттың жұбайы Джихан Седат 9 шілде күн қайтыс болды.  Джихан Седаттың жаназасы әскери рәсіммен өткізілді.

Lenta.ru: «Германия үшін Альтернатива» партиясының тең төрағасы Тино Крупалла Германияның Еуропа Одағынан шығып, Ресейдің бір бөлшегі болатын жаңа бір Еуропа жүйесін қалыптастыру керектігін ойластыруда.

TASS: Молдавияда кеше өткізілген президенттік сайлауында алғашқы санаққа қарағанда Майя Санду 48 пайыздық дауыспен бірінші орынды алуда.

 İzvestiya: «Nord Stream 2 AGB» төрағасы Маттиас Варниг АҚШ-ты «Солтүстік ағын-2» жобасы тақырыбында жасалған келісімге бойсұнбаймен айыптады.

La Vanguardia (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес үкіметті қайтадан құрғаннан кейін үлкен өзгерестер жасауды жоспарлауда.

Infobae (Аргентина): Куба режими ереуілдердің кең қанат жаюуын тосу үшін интеннеттерді жауып тастады.

Le Matin (Швейцария): Коронавирусқа қарсы вакцина салуды қабылдамағандар әлемнің көптеген жерінде айлықтарын ала алмайды.

Le Monde: EURO 2020 футбол турнирінд италияндар көп үміт күтілген ағылшындарды жеңді.

Libération: Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінде төртінші толқынға ұқсас бір оқиғаның болғаны жайлы ескерту жасады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді.

Егемен Қазақстан газеті: Ғалымдар коронавирустың қалай көбейетінін анықтады



Ұқсас жаңалықтар