Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1644441
Әлем баспасөзіне шолу

France 24: Париждегі Палестинаны қолдайтын протест: «Франция - Израильдің сыбайласы».

L'Equipe: Лилль командасы қарсы көгалда Анжер командасына қарсы жеңіске жетті (2-1) және Париж Сен-Жерменді артта қалдырды, Францияның бірінші футбол лигасында (Ligue 1) 2020-2021 маусымын чемпион болып аяқтады.

Le Monde: Израиль-Палестина: Парадигманы өзгерту – Газа секторында жаңа бір соғыстың алдын алу үшін екі халыққа тең құқықты қамтамасыз ететін жаңа ұстаным қажет.

el-Düstur (Иордания газеті): Израильдің тапшылықтары атысты тоқтату талпыныстарына зиян келтірді.

el-Quds el-Arabi (Араб – ағылшын газеті): Рияд Махрез командасы Манчестер Ситидің Англия премьер лигасы чемпионатын тойлаған кезде Палестина туын көтерді.

el-Raye el-Qatariyye (Катар газеті): (еврей) Қоныс аударушылар әл-Ақса мешітіне қайтадан басып кірді.

Bild.de: Италияның солтүстігінде арқанжол апатынан 14 адам қайтыс болды. Апатқа болат арқанның үзілуі себеп болды.

Ard.de: Еуроодақ (ЕО) елдері кезектен тыс жиналды. Күн тәртібі - Ресей мен Беларусь.

Deutsche Welle: Зерттеу: BionTech және AstraZenece вакциналары үнді нұсқасына қарсы тиімді.

La Vanguardia (Испания): Кovid-19 салдарынан Испанияда ауыр ауруларды анықтау 40 пайызға төмендеді.

El País (Испания): Испаниядағы реанимациялық бөлімшелері тыныс ала бастады. Осы айда коронавирус науқас саны 28 пайызға азайды.

Telesur (Венесуэла): Католиктердің рухани көсемі Рим Папасы Франциск Колумбиядағы дағдарысты шешу үшін келіссөзге шақырды.

РИА Новости агенттігі: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вильнюске қарай ұшқан Ryanair әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағын жалған бомба хабарламасымен Минскке шұғыл қонуға мәжбүрленуін қатаң түрде айыптағандарын және тергеуге алынған Беларусь азаматы журналист Роман Протасевичтің тез арада босатылуын талап етілгенін мәлімдеді.

Lenta.ru: Ресейде депутаттар Мемлекеттік Думаға дәрігерлерді қорлауды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қамтитын заң жобасын ұсынды.

РИА Новости агенттігі:  Жапондық Киодо агенттігі Кеңес Одағы Үкіметінің (КСРО) Курил аралдарының бір бөлігін Жапонияға кері қайтаруды жоспарлағаны туралы құжаттар жариялады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президент Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды.

Егемен Қазақстан газеті: А. Мамин Риддер қаласының өрттен зардап шеккен тұрғындарымен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар