Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

El-Cezire (Катар телеарнасы): Президент Режеп Тайып Ердоған мен Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдулазиз телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында өзара қарым-қатынастар талқыланды.
El-Düstur (Иордания газеті): Ливан мен Израиль арасында теңіз шекараларын белгілеу жөніндегі келіссөздер қайта басталды.
el-Quds el-Arabi (Араб-ағылшын газеті): АҚШ полициясы Дерек Шовин афро-американдық Джордж Флойдты өлтіргені үшін сотталған соң сот ісін қайта қарауды сұрайды.
nex24.news: Қорғаныс технологиясы – Түркия өзі жетілдірген «HİSAR-A» әуе қорғаныс зымыранын табыспен сынақтан өткізді.
Deutsche Welle: Коронавирус. Неміс үкіметі коронавирустық екпе ектіргендер мен аурудан сауығып кеткендерге негізгі құқықтарын қайтаруды көздейтін қаулы қабылдады.
El Mundo (Испания): Халық партиясы солшыл бөліну үшін тарихи бетбұрыс жасады. Мадрид қаласында өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті.
El País (Испания): Испаниядағы Unidas Podemos партиясы төрағасы Пабло Иглесиас Мадридте солшылдар сәтсіздікке ұшырағаннан кейін саясаттан кеткенін мәлімдеді.
Telesur (Венесуэла): Колумбияда 28 сәуірден бері жалғасқан салық реформасына қарсы шерулерде 19 адам қаза тапты.
Le Figaro: Ковид-19: Еуропалықтардың төрттен бір бөлігі алғаш рет вакцинацияланды. АҚШ вакцинация науқанын жеделдетті.
Le Monde: Мысыр Франциядан 30 дана Rafale жойғыш ұшағы сатып алғанын растады.
France 24: Францияда ковид-19 эпидемиясына қарсы 3 миллион адамға осы апта вакцина егу нысанаға алынып отыр.
РИА Новости: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен халықаралық міндеттемелерін орындау үшін Ресейге қысым жасауға шақырды.
Lenta.ru: Пентагон (АҚШ Қорғаныс министрлігі) Ресейді Сирия дағдарысын шешу механизмін таптаумен айыптады.
Коммерсант газеті: Ресей мемлекеттік вирусология және биотехнологиялық ғылыми зерттеу орталығы үш дозада егілетін «EpiVakKorona» вакцинасының клиникалық зерттеулерін жүргізуде.
ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстандық зауыт жылына 60 млн доза вакцина шығара алады – Алексей Цой.
Егемен Қазақстан газеті: Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады.