Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1626140
Әлем баспасөзіне шолу

zdf.de: Германияда жаңа типтегі коронавирусқа қарсы бірдей шараларды іске асыруды көздейтін заңдық реттеу Парламентте қабылданды.

Welt.de: Ресей президенті Владимир Путин батысқа елінің қызыл сызығынан өтпеуді ескертті.

spiegel.de: Еуроодақ (ЕО) парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін 1990 жылмен салыстырғанда 55 пайызға азайту туралы келісімге келді.

Elraya: Катар, Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымы Стамбул конференциясының кейінге қалдырылғанын жариялады.

Aljazeera: Чад .. Оппозиция Чад президенті Идрис Дебидің өлтірілуінің артынан әскери кеңестің шешімін қабылдаудан бас тартуда және халықаралық күштер бейбіт өтпелі кезең шақыруы жасауда.

Elquds Elarabi: Сирияның Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға мүшелігі «режимнің химиялық қылмыстарына» байланысты тоқтатылды.

El País (Испания):Мадридте 4 мамырда өтетін жергілікті парламенттік сайлауға дейін тікелей эфирге шыққан үміткерлер ковид-19 эпидемиясынан тіркелген өлімдерді бір-біріне қарсы қолданды.

El Universal (Мексика): Билік Идальго штатында кем дегенде 3 ковид-19 нұсқасы бар екенін ескертті.

Milenio.com (Мексика): Маусымда АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Мексикаға барады.

Le Monde:Ковид-19: Франция президенті Эммануэль Макрон AstraZeneca вакцинасына деген сенімсіздікті жойғысы келеді.

France 24: Эммануэль Макрон Чад Президенті Идрис Дебиді жерлеу рәсіміне қатысады.

Le Figaro: Үндістан ауру санымен дүниежүзілік рекордты жаңартты, 24 сағат ішінде шамамен 315 мың жаңа оқиға тіркелді.

РИА Новости ақпарат агенттігі: Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин Федералдық Мәжіліс жиналысында сөйлеген сөзінде Ресейді арандатуға дайындалып жатқандарға осы саясаттардың жағымсыз нәтижелері туралы ескертті.

Известия газеті: Чехия Сыртқы істер министрі Якуб Кулханек депортацияланған барлық чех дипломаттарының Ресейге қайта қабылдануын талап етті.

ТАСС ақпарат агенттігі: Ресей АҚШ елшілігінің 10 қызметкеріне депортация жасады. Ресейдегі АҚШ елшісі Мәскеудегі резиденциясынан айырылды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президент Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Егемен Қазақстан газеті: Сарайшықтың орнын сақтау мүмкіндігі азайып барады.



Ұқсас жаңалықтар