Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1605944
Әлем баспасөзіне шолу

 

Al-Raya Al-Katariya (Kатар): Коронавирус әсерлерін талқылау үшін бейсенбі күні Еуропа саммиті өткізіледі.

VATAN (Оман):  Мамандар: Ковид-19 болашақта маусымдық ауруға айналуы мүмкін. Коронавирустың түп тамыры келесі апта белгілі болады.

El-Mustakbal (Ливан): Ғалым Өзлем Түрежи: «Ковид-19 рак науқастары үшін үміт болуы мүмкін. Жақында ракпен күресте коронавирус вакцинасының әдісі қолданылады»

Deutsche Welle: Германия канцлері Ангела Меркель Германияда коронавирус эпидемиясы себебімен «шектеме шараларының» сәуір айына дейін созылуын қалайтынын айтты.

tagesschau.de: Вице-премьер Олаф Шульц «Пасха мерекесінде демалыс толқыны барлығымыздың жазғы демалысына қауіп төндіреді»

Berliner Zeitung: Ғалымдар үшінші коронавирус толқынының бұрынғы толқындардан да қауіпті болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Le Monde: Коронавирус себебімен Франция жергілікті сайлаудың кейінге қалдырылуы ықтималы оппозицияда алаң туғызды.

France 24: Францияның Марсель қаласында өткен рұқсатсыз карнавалда 6500 адам ковид сақтық шараларына бағынбады.

Le Temps (Швейцария): Халықаралық ұйымдардың орталықтары орналасқан Женева қаласы Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы қақтығыстардың тап ортасында.

El Pais (Испания): Сovid-19 салдарынан Испанияда мемлекеттік көмектен тек әрбір 12 фирманың бірі пайдаланады.

El Mundo (Испания): Испанияның Балеа аралдарын таңдайтын немістерге кедергі болу үшін канцлер Ангела Меркель үшінші толқын кезінде осы демалыс орындарына бармауға кеңес берді.

El Nacional (Венесуэла): Венесуэла әкімшілігі коронавирус пандемиясының жылдамдығына кедергі болу үшін он бес күндік шектемелер жасалатынын білдірді.

Lenta.ru: АҚШ-тықтар президент Джо Байденнің орыс лидер Владимир Путин жөнінде айтқандарын «дөрекі және ұят» деп есептейді.

RİA Novosti: София Әскери соты Ресей үшін тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған алты адамның бірінің тұтқындалуына үкім берді.

TASS: Ішкі нарықтарға жауапты Еуропа комиссары Тиери Бретон Еуропа Одағының «Спутник» вакцинасына мұқтаж еместігін айтты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Өткен тәулікте 627 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

 



Ұқсас жаңалықтар