Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1586014
Әлем баспасөзіне шолу

 

Frankfurter Allgemeine Zeitung: ЕО комиссиясы АҚШ-тағы вакцина өндіруші Модернамен барлығы 300 миллион доза ковид вакцинасын алу үшін жаңа келісім жасады.

Deutsche Welle: НАТО Қорғаныс министрлері АҚШ сайлауынан кейін бірінші рет бас қосуда.

Handelsblatt: Еуропа автомобиль нарығы коронавирус себебімен қиын кезеңнен өтіп жатыр.

Le Parisien: «Жікшіл» заң жобасы: Шекара танымайтын журналистер Франция сенатына баспасөз еркіндігін кепілге алу үшін шақыру тастады.

Le Monde:«Исламшыл солшылдық»: Ғылыми зерттеу ұлттық орталығының ойынша осы сөздің «ешбір ғылыми шындығы жоқ». Жоғары оқу және зерттеу министрі қысым көріп отыр.

Le Figaro:Еуропалықтар мен америкалықтар Иран ядролық келісімінің құтқарылуын талқылауда.

El País (Испания): Реп әнші Пабло Хаселдің түрмеге жабылуына қарсы жасалған наразылық акциялары түстен кейін Мадридке жетті.

La Vanguardia (Испания): Испания Халық денсаулығы комиссиясы 45-55 жас арасындағы азаматтардыAstraZeneca вакцинасымен вакциналауды ұсынды.

Infoabae (Aргентина): Пан Америка Денсаулық сақтау ұйымы Венесуэланың ковид-19-ға қарсы вакцина алу үшін 18 миллион доллар аванс төлеуі керектігін білдірді.

Al Jazeera: Израильде көп күткеннен кейін АҚШ президенті Джо Байден мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху арасындағы алғашқы телефон әңгімесі жүзеге асты.

Al-Raya (Kaтар): Түркиядағы туризм шаруашылықтары келушілердің назарын аударады.

Al-Quds Al-Arabi: Біріккен Араб Әмірліктерінің Израильдегі өкілетті елшісі елшіліктің Twitter есебін ашып,  алғашқы жазбасын иврит тілінде жариялады.

Kommersant:Украина табиғи газ компаниясы Нафтогаздың басшысы Солтүстік Ағым-2 табиғи газ құбыр желісінің құрылысының тоқтатылуының украиналықтар үшін «өміршең» мәселе екенін айтты. Оның ойынша жобаның аяқталуы Украинаны «орыс агрессиясына» қарсы қорғансыз қылады.

RİA Novosti: 2021 жылы отыздан астам орыс банкі лицензиясынан айрылуы мүмкін.

TASS ақпарат агенттігі: Еуропа Адам құқықтары сотының қамаудағы оппозиционер Алексей Навальныйды дереу босату талабын Мәскеу әкімшілігі Ресей Федерациясының ішкі істеріне араласу деп біледі.

 ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Коронавирус: Бір облыс - «қызыл», 5 өңір - «сары» аймақта тұр.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентін қабылдады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар