Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1567293
Әлем баспасөзіне шолу

n-tv: Германияда федералды үкімет пен штаттық үкіметтерінің қатысуымен өткен коронавирус (Ковид-19) саммитінде алдында қабылданған шаралардың мерзімі 14 ақпанға дейін ұзартылды және маска кию міндеті күшейтілді.

Süddeutsche Zeitung: Халықаралық валюта қоры Германияның өсу болжамын тағы бір рет төмендетті.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайды ұйғырларға «қырғын» жасаумен айыптауда.

Al Jazeera: АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің қоштасу сөзінде «Мен соғысқа бармаған алғашқы АҚШ президентімін» деді.

Al-Quds Al-Arabi: Джо Байден АҚШ-тың 46-президенті ретінде міндетін бүгін бастайды.

Al-Dustour (Иордания): Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш: «Палестинаның оккупацияланған территорияларында тұрғын аудандарының құрылуы халықаралық құқықтың айқын бұзылуы деген сөз».

El País (Испания): Наурыз айынан бастап 70 жастан асқан алты миллионнан астам адам Ковид-19 вакцинасын ектіреді.

Infobae (Аргентина):Ресей EpiVacCorona вакцинасының Ковид-19-ға қарсы 100% тиімді екенін жариялады.

Prensa Latina (Куба): Ковид-19-ға қарсы Pfizer-BionTech вакциналарының алғашқы бөлігі Панамаға келді.

Le Monde (Франция): Париж - Еуропада моторлы автокөліктердің салдарынан ауа ластығы ең көп өлімге себеп болған қалалардың бірі.

Le Matin (Швейцария): Ковид-19 Швейцарияда әрбір мың адамның біреуінің өліміне себеп болды.

Le Parisien (Франция): Ковид-19: Екінші толқынның одан көп өлімге жол ашқаны анықталды.

ТАСС ақпараттық агенттігі: АҚШ Мемлекеттік хатшысы үміткері Энтони Блинкен Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуының қабылданбайтынын білдірді.

Коммерсант газеті: Ресейдің АҚШ-тағы елшісі «Түрік ағыны – 2»-ге қарсы АҚШ санкцияларын әділетсіз бәсекелестік және Еуроодақ елдерін американ шикізатын сатып алуға мәжбүрлеу әрекеті ретінде бағалағанын мәлімдеді.

lenta.ru: Аlenta.ruҚШ Мемлекеттік хатшысы үміткері Энтони Блинкенге қарағанда жаңа АҚШ әкімшілігі Ресей саясатын Вашингтон үшін «қарсыластық» деп көреді.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар