Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1559733
Әлем баспасөзіне шолу

La Vanguardia (Испания): Испан қоғамының жартыдан астамы эпидемияға қарсы шектеулердің арттырылуын қолдайды және ковид-19 вакцинасының өмiрдi қалыпқа келтiретiнiне күмәнданады.

El Universal (Мексика): Сенат басқыны – Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мексикадағы өкілетті елшісі Кристофер Ландау: «Бұл оқиға саяси мәдениетіміз бен құндылықтарымызға өкілдік жасамайды».

Clarín (Аргентина): Ресейдің ковид-19 вакцинасының екі дозасы егілген аргентиналық медбике қайтадан инфекция жұқтырды. Оның себебі зерттелуде.

Eldostour: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: «Ұлыбританияда мутацияға ұшыраған Kovid-19 эпидемиясының түрі 22 Еуроодақ елінде байқалды».

Elraya:Катар Әуекомпаниясы (Qatar Airways) рейстері Сауд Арабиясының әуе кеңістігінен қайта ұша бастады.

Elqudus: АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс ғимаратындағы қақтығыстарды айыптап, билікті жүйелі түрде табыс етуге кепілдік берді.

Süddeutsche Zeitung: АҚШ президенті Дональд Трампты президенттік қызметінен босату үшін бірінен соң бірі шақырулар жасалуда.

Deutsche Welle: АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден Трамп жақтастарының Конгресс ғимаратына шабуылында Трампты айыптады. Байден демонстранттарды «жергілікті террористтер» деп атады.

Tagesschau.de: Германияда электромобиль саудасы өткен жылмен салыстырғанда 206% өсті.

Красная Весна ақпараттық агенттігі: Түрік үкіметі: BioNTech вакцинасының өндірісі артқан сайын елге вакцина жеткізу көбейеді.

Известия газеті: АҚШ Өкілдер палатасының президенті Нэнси Пелоси Конгресс ғимаратына жасалған шабуылды Трамптың Путинге жасаған сыйы деп бағалады.

РИА Новости ақпараттық агенттігі: Украина ковид-19 эпидемиясының таралу қаупіне байланысты 8 қаңтар жұма күнінен бастап қатаң карантиндік шаралар қабылдайды.

Le Figaro: Францияның оңтүстік батыс аймақтарында құс тұмауы анықталған шаруа қожалықтарының саны екі есе артты.

Le Monde: АҚШ-тағы Конгресс ғимаратындағы зорлық-зомбылықтың «жанжал» екенін айтқан президент Дональд Трамп міндетін дау-дамайсыз табыс ететінін мәлімдеді.

France 24: АҚШ президенті Дональд Трампқа бағытталған отставкаға кетуге шақырулар артты.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар