Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1553759
Әлем баспасөзіне шолу

Libération: Франция Денсаулық сақтау министрі Оливер Веран нашарлау барысында үшінші бір карантин режимінің іске қосылатынын білдірді.

Le Soir: Бельгия ковид-19 эпидемиясына қарсы вакцина егу жұмыстарын бастады.

France 24: Пари Сен-Жерменнің жұлдыз футболшысы Неймар да Силва эпидемияның қақ ортасында Бразилияда ауқымды бір Жаңа жыл  кеші ұйымдастыруда.

el-Quds el-Arabi: Франция президенттік аппараты: «Дүйсенбі күні Малиде қызмет атқарған 3 француз әскері өлтірілді».

el-Raye el-Qatariyye: Ресей Сирияның Айн Иса аймағына қолдау жіберді.

el-Cezire: Франция Халифа Хафтарды дұшпандық әрекеттерді қайталаудан бас тартып, саяси шешімге назар аударуға шақырды.

Deutsche Welle: Түркия мен Ұлыбритания еркін сауда келісіміне қол қояды. Бұл Ұлыбритания қол қоятын бесінші ең үлкен сауда келісімі болмақ.

RP-online.de: Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың президенті Монтгомери Германиядағы қоғамдық иммунитет үшін 100 миллион доза вакцина қажет екенін мәлімдеді.

Handelsblatt.com: CEBR-дің (Ұлыбританияда орналасқан Экономика және бизнесті зерттеу орталығы) жылдық есебінде Қытай экономикасының коронавирус дағдарысынан күшейіп шығатынын және 2028 жылы АҚШ-ты артта қалдырып, әлемнің ең ірі экономикасына айналатынын болжады.

El País: RNA (Рибонуклеин қышқылы) ізашарлары қазір 30 түрлі инфекцияға қарсы вакцина зерттеуде.

Prensa Latina: Бразилия Pfizer/BioNTech вакцинасының мәселесіз егіле бастағанын растады.

Известия газеті: Ресей вице-премьері Татьяна Голикова азаматтардың 2021 жылдың бірінші тоқсанында Ковид-19 вакциналарының бірін таңдай алатынын білдірді.

ТАСС ақпараттық агенттігі: 2020 жылы Ресейден астық экспорты 20 пайызға өсті.

РИА Новости агенттігі: «Nord Stream-2» компаниясы «Солтүстік ағын-2» құбыр желісінің Баренц теңізінің Германия Эксклюзивті экономикалық аймағындағы 2,6 шақырымдық бөлігін аяқтады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Асқар Мамин: Пандемия мен дағдарысқа қарамастан жұмыссыздықты 5 пайыз деңгейінде сақтап қалдық.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар