Әлем баспасөзіне шолу

Әлембаспасөзінің басты тақырыптары

1537350
Әлем баспасөзіне шолу

Handelsblatt: Түркия экономикасы үшінші ширекте 6,7% өсті.

Deutsche Welle: Еуроодақ пен Америка Құрама Штаттарында коронавирусқа қарсы вакцина егу күні жақындауда.

Ard.de: Германия Денсаулық сақтау министрі Йенс Спах жаңа жылдың алдында жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) оқиғаларының азаятынын болжады.

Newsabah: Президент Ердоған: Ресей президенті Владимир Путинмен Қарабахтағы бейбітшілікті қолдауды кеңейту мәселелерін талқыладым.

Elwatan (Алжир): Бір орыс ғылым орталығы 2021 жылы Ковид-19 эпидемиясының жойылатынын болжады.

Elayyam (Палестина): Еуроодақ Иерусалим ауруханаларына 9,27 миллион еуролық жәрдем жасауға дайындалады.

Le Parisien: Ле-Манш (теңіздің үстінен) заңсыз көш: Дүйсенбі күні заңсыз өтуге әрекет жасаған 120 келімсек құтқарылды.

Le Monde: Депутаттардың алдында сөз сөйлеген Франция Ішкі істер министрі Геральд Дарманин «қателіктер» мен «проблемалар» болғанын мойындады. Бірақ бәрібір қауіпсіздік күштеріне қолдауын қайталады.

Le Figaro: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2021 жылы үшін 29 миллиард еуролық рекорд деңгейде гуманитарлық жәрдем шақыруы жасады.

El Mundo (Испания): Каталан басшы Карлес Пучдемон-и-Казамажоны кері қайтару тақырыбында Еуроодақ Испания үкіметін теріске шығарды: «Ешбір Еуроодақ мекемесі үкіметтен мемлекетке қарсы көтеріліс заңын реформалауды талап етпеді».

El Pais (Испания): Испания Денсаулық сақтау министрлігі басқа айлармен салыстырғанда коронавирус салдарынан ең көп өлім-жітімнің қарашада болғанын жариялады.

El Nacional (Венесуэла): Венесуэла ағымдағы айды 50,90% мөлшерінде девальвациямен аяқтады.

Известия (Ресей): Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Думаға мемлекеттік қызметкерлердің екінші бір елдің азаматтығын алуға тыйым салатын бір заң жобасы ұсынды.

Регнум (Ресей): АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) АҚШ-тық жаттықтырушыларды дайындау үшін орыс өнімі Ми-24 тікұшағын сатып алмақшы.

Газета (Ресей): Анталияда жылжымайтын мүлік сатып алуда ресейліктер бірінші орында.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Егемен Қазақстан газеті: Әлемдік саясаткерлер Елбасына құттықтау хаттар жіберуде.



Ұқсас жаңалықтар