Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1510189
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: Германияда коронавирус жұқтыру деңгейі жылдам артып отыр.  Бұл ауруханаларды уайымға салды.  Германия аурухана одағы эпидемияның бақылаудан шығуы мүмкін екенін айтып ескертті.

Tagesschau.de: Германияда премьер-министрлікте сегіз сағаттық корона саммиті: Күзгі сақтық шараларына келісе алмады.

El País (Испания): Испания Денсаулық сақтау министрлігі ең көп жұқтыру оқиғасы тіркелген аймақтарда бар мен мейрамханалардың жабылуына бағытталған жаңа жоспарларды талқылауда.

La Razón (Испания): Еуропа Одағы коронавирус эпидемиясына байланысты Испанияны пандемия картасында қызыл түске бояды.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Оңтүстік Америка ұлтының Америка Құрама Штаттарының шабуыл мен қорқытуларына күн сайын «артып отырған бір күшпен» жауап бергенін айтты.

Le Parisien: Францияда ковид-19: жасы үлкен кісілер арасында вирус жұқтыру деңгейі артты.

 Le Figaro: Ливия: Париж саяси шешім табу тақырыбында Ливияға көрші елдердің дипломатиялық түрде араласуын қалайды.

 Le Monde: Францияда коменданттық сағат: Мәдениет министрі өнер қойылымдары үшін жеңілдік керектігін алға тартты.

Al-Quds Al-Arabi: Әзербайжан: «Түрік ұшқышсыз дрондарымен бір миллиард долларлық армян жабдықтарын жойдық»

Al Jazeera: Коронавирус: Францияда коменданттық сағат басталды. Ұлыбританияда дабыл деңгейі көтерілді. Еуропа комиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен өзін оқшаулады.

Al-Raya (Катар): Ливия: Тархунада табылған топтық мазарлар елдің шығысындағы заңсыз қарулы күштердің басшысы Хафтардың адам өлтірушіліктеріне тағы бірін қосты.

RİA Novosti (Ресей): Мәскеуліктер енді көліктерге маска және қолғапсыз міне алмайды.

Lenta.ru (Ресей): Ресейде коронавирус жұқтыру оқиғаларының артуының 10 қараша күніне дейін жалғасатыны болжалып отыр.

İzvestiya (Ресей): Ресей үкіметі ел тұрғын санының азаю болжамын өзгертті. Үкіметтің ойынша тұрғындар 2024 жылға дейін 1,2 миллиондай азаяды.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстандағы дәрігерлер тапшылығы: Қандай мамандар жетіспейді?
Егемен Қазақстан газеті: Президент "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенін аралады.



Ұқсас жаңалықтар