Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1495076
Әлем баспасөзіне шолу

 

El-Cezire (Катар телеарнасы): Миллиардтаған доллар және кейбір сұраныстар... Міне,  Суданның Біріккен Араб Әмірліктерінің бас қаласы Абу Дабидегі кездесулердегі Израильмен қатынастарды қалыпқа келтіру үшін шарттары.

er-Raye el-Katariyye: Катарда ковид-19 вирусының таралуының алдын алу үшін «үйде карантин шарттарына бағынбаған» алты кісі прокуратураға жіберілді.

el-Quds el-Arabi: Кувейт астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына қолдау береді.

Spiegel.de: Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус себепті ағылшындардың үйде жұмыс істеуін қалайды.

Bild.de:                       Коронавирус қағидаларын енді ешкім түсінбейді.  Бавария Мюнхень клубы өз көгалында бос стадионда ойнаса,  Будапешттегі UEFA Супер кубогында 20 мың жанкүйер алдында ойнайды.

Deutsche Welle: Неміс коронавирус маманы: «Маскалар көп уақытқа дейін өміріміздің бір бөлшегі болады»

Le Figaro: Францияның Старсбург полиция бөлімшесінде міндет атқаратын екі полиция қызметкері нәсілшілдікке ұшырағандарын айтып, қылмыстық сот үшін арыз берді.

Le Monde: Мәжіліс тексеруіне қарағанда,  Францияның босқындардың интеграциясы тақырыбында одан да көп жұмыстануы керек.

Le Soir (Бельгия): Коронавирус: Авто-тесттер үшін ақырында рұқсат шықты. Бірақ ешкім кеңес бермейді.

El Pais (Испания): Жұқпалы аурулар маманы Гарсиа Бастеиро: “Ковид-19-бен күресте шектеулер кезінде ешқайсымыз міндетімізді толық атқармадық»

El Mundo (Испания): Испания коронавирустың екінші толқыны басталады деп уайымдайды.

El Nacional (Испания): АҚШ вице-президенті Майк Пенс Венесуэладағы оппозиция басшысы Хуан Гуаидомен кездесіп, елінің берген уәделерін қайталады.

Lenta.ru: Түрік-орыс күзеті Сирияның Идлиб аймағында M-4 құрлық жолындағы істерін қайта бастайды.

Kommersant газеті: Неміс газеті Süddeutsche Zeitung-тың хабарына қарағанда,  Германия Алексей Навальныйдың улануына байланысты тергеу бастамайды,  себебі оқиға Германия территориясында болмады.

Ria Novosti агенттігі: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде әлемнің жікшілдіктен шаршағанын айтты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстан мен АҚШ жоғары байытылған уранды азайту туралы мәлімдемеге қол қойды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар