Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1491684
Әлем баспасөзіне шолу

РИА Новости: Су-27 орыс әскери ұшағы Балтық теңізінде АҚШ-қа тиесілі бір барлау ұшағына кедергі жасады. 

RGRU: Ұшатын автокөлік «Джезери» Түркияда «Байқар» фирмасы тарапынан таныстырылды. 

Коммерсант: Орыс телеканалы «Домашние» «Тағдырым жазылған күн» атты түрік телехикаясын көрсетеді. 

zdf.de: Германия грек аралдарынан мың 553 босқынды қабылдайтынын мәлімдеді. 

Deutsche Welle: Германия коронавирус вакцинасын жетілдірген 3 неміс фирмасына 750 миллион евролық қолдау беретінін жариялады. 

Welt.de: Германияда өндіріс өнеркәсібінде жұмыс істейтін адам саны коронавирус себепті он жылдың ең төмен деңгейіне қысқарды. 

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Катар Палестина мәселесі шешілмейінше Израильмен қарым-қатынастарын қалпына келтірмейтінін жариялады. 

El-Mustakbal (Ливан): Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Израиль арасында қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісіміне қол қойылды. 

El Mundo (Испания): Ковид-19 науқастары инфекциядан кейін 90 күнге дейін вирусты тарата алады. 

Prensa Latina (Куба): Халықаралық туризм 2020 жылының алғашқы жартысында 65 пайыз төмендеді. 

Infobae (Аргентина): АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жаңа бір Оңтүстік Америка туры аясында Бразилия мен Венесуэла арасындағы шекараға барады. 

Le Monde: Ковид-19 вирусы Нью-Йорк қаласында банкрот уайымдарын қайтадан арттырды. 

France 24: Жапонияда премьер-министр ретінде сайланған Ёсихидэ Суга Синдзо Абэден міндетті қабылдап алуда. 

Le Soir (Бельгия): Климат өзгерістері Бельгияда уақыт өткен сайын зиянды ықпалын көрсетуде. 

Қазинформ агенттігі: Қайрат Келім Президентке жаңа агенттік ережесінің жобасын таныстырды. 

Егемен Қазақстан газеті: Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар