Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1490839
Әлем баспасөзіне шолу

Elraya: Жаһандық дайындық бақылау кеңесі: Әлем лидерлері коронавирус эпидемиясына дайын емес еді.

Eldustour: Ливан: Триполиде қарулы кісілермен шыққан қақтығыста төрт әскер қаза тапты.

Alquds: Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі екі ірі банк келісімге қол қойды.

Bild.de: Германи канцлері Меркельдің Грекиядағы босқындар үшін көмек жоспары: Германия Грекияның Лесбос аралынан босқын қабылдайды.

Spiegel.de: Билл Гейтс: «Коронавирусты мен тапқан жоқпын». Атақты АҚШ миллиардері коронавирус айыптауларына жауап берді.

ard.de: АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус эпидемиясына қарсы жасалатын барлық нәрсені жасағанын айтты.

El Mundo:  Испания бас прокуратурасы Жоғары соттан коронавирус медициналық дағдарысты басқару үшін Педро Санчес үкіметіне бағытталған шағымдардың барлығын кері қайтаруын сұрады.

El País: Испанияның бас қаласы Мадрид ауруханасы: Коронавируспен ауыратын осыншама науқас үшін дәрігер жоқ.

Infobae (Aргентина): АҚШ лауазымдылары Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуроның жақын адамы Алекс Саабпен байланысы бар 700 миллион долларды бүғаттады.

Le Parisien: Коронавируспен күресте медициналық қызметкерлер секілді «алғы шепте» жүрген шетелдіктер үшін Франция азаматтағын беру процедурасы жылдамдатылды.

Le Figaro: Бір зерттеуге қарағанда француздардың көбі өлім жазасының қайта келуін қалайды.

Le Soir: Коронавирус: Бельгиядағы жұқтыру және ауруханаға жату санындағы өрлеу жалғасуда.

RuNews24.ru: Красноярск-Стамбул рейстері 1 қазан күні басталады.
RT:  Владимир Путин: Ресей Беларусьқа 1,5 миллиард долларлық несие береді.

Vedomosti: The New York Times газеті Ресейдегі жемқорлықпен күрес фондының құрушысы Алексей Навальныйдың Ресейге оралуды жоспарлағанын білдірді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп өндірісі 5 жылдың ішінде кемінде 1,5 есе артады.

Егемен Қазақстан газеті: Президент жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды.



Ұқсас жаңалықтар