Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты таырыптары.

1488803
Әлем баспасөзіне шолу

zdf.de: Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Мория аралынан бастарында ересектер жоқ 400 босқын баланы қабылдау тақырыбында келісті. 

Deutsche Welle: Германияда жүргізілген бір сауалнама АҚШ президенті Дональд Трамптың немістер үшін әлі ең үлкен уайым екенін ортаға қойды. 

Süddeutsche Zeitung: Неміс үкіметінің 1 қазан күнінен бастап эпидемияның жағдайына қарап саяхат ескертуі жасайтыны жөніндегі шешімі туризм операторларының уайымдарын жойған жоқ. 

France 24: Францияда соңғы 24 сағатта 10 000 жаңа ковид оқиғасы тіркелді. Бұл қазірге дейінгі елдегі рекорд көрсеткіш.  

Le Figaro: Бүгін француз үкіметінен ковид-19 эпидемиясымен байланысты шешімдерін жариялауы күтіледі. Президент Эммануэль Макрон ковид-19-ға орын берілген қорғаныс кеңесі жиналысының соңында вирусқа қарсы шешімдерін қысқа уақытта жариялайтынын білдірді. 

Le Monde: Франция Ішкі істер министрлігі әлеуметтік медиаға қысым жасап, полиция қызметкерлерінің жүзін жасыруға мәжбүрлеуде. 

Elraya : Судан Катардан келген жаңа жәрдем материалдарын қабылдап алды. 

Eldustour: Иорданияда мемлекеттік 22 мектеп оқу басталғаннан 14 күн өткен соң жаңа ковид оқиғалары анықталғаны себепті қайтадан интернет арқылы оқуға оралды. 

Newsabah: Ұлттық үкіметтегі «қауіпсіздік» өзгерісімен Ливиядағы жағдай одан да шатаққа айналды. 

El Pais: (Испания) Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп «Испанияда коронавирус оқиғалары 300 пайыз артты. Сол жердегі жағдай шынында да өте нашар» деді. 

El Mundo: (Испания) Испания Денсаулық сақтау министрлігі жаңа қабылдаған шешімдерге қарағанда сынамалары таза шыққан және ковид-19 эпидемиясымен күресте қызмет атқарған денсаулық қызметкерлері вирус жұқтырған науқастармен байланыс жасаса да, карантинге алынбайды. 

TeleSur (Венесуэла) Венесуэла Мемлекет басшысы Николас Мадуро ковид ауруымен ем қабылдаған науқастарға сатылған заңсыз дәрі-дәрмектерді бейне камераларға көрсетіп, бұл жағдайды қоғаммен бөлісті. 

Коммерсант газеті: Ресейде 2035 жылы қоғамдық көліктермен жолаушы тасымалдау тегін болуы мүмкін. 

РБК хабар порталы: Ресей Германия уланғанын хабарлаған оппозициялық басшы Алексей Навальныймен байланысты тергеу процесіне қосылу сұранысын Германияға тағы бір рет жеткізеді. 

lenta.ru: Сербия президенті Вичич Путин және Лавровтың өзінен кешірім сұрағанын мәлімдеді. 

Қазинформ агенттігі: Шетелде оқып жүрген 2 мыңнан астам студент Қазақстандағы ЖОО-ға ауысты.  

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.



Ұқсас жаңалықтар