Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1474112
Әлем баспасөзіне шолу

 

Deutsche Welle: «Байден шектен шықты: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-та демократтардың президенттікке кандидаты Джон Байденнің Түркияға байланысты сөздерін сынады. Байденнің сөздерінің демократияға жат екенін айтты.

Deutsche Welle: Италия коронавирус шараларын қатайтады.

Tagesschau.de: Германияда дағдарыс: Неміс Денсаулық сақтау министрі демалыстан қайтқандарды және мерекелік шараларды қауіптің қайнары деп есептейді.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-тық әріптесі Майк Помпеомен сөйлесті.

VATAN (Оман): Ирак: Басра қаласындағы Ум-Касып портында қауіпті жарылғыш материалдар салынған контейнерлер бар екені айтылды.

El-İMARAT EL-YAUM (Біріккен Араб Әмірліктері): Ресей он күн ішінде коронавирус вакцинасының үшінші сатысын бастайды.

El Mundo (Испания): Испания коронавирус дағдарысы салдарынан зиян шеккен компаниялардың тек жартысын құтқарып қалды.

El Pais (Испания): Covid-19 вирусын жұқтыру саны артуы Испанияда туристер үшін жаңа карантин шараларын алып келді.

El Nacional (Венесуэла): Бразилия мемлекет басшысы Жаир Болсонарудың жұбайының коронавирусты жеңіп шыққаны хабарланды.

Известия газеті: Қытай Ресей президенті Владимир Путиннің Иранның ядролық проблемасын талқылау үшін онлайн саммит өткізу ұсынысын қабылдады.

Gazeta.ru: Ресей премьер-министрі Мишустин: Үкімет Путинге медициналық қызметкерлерге материалдық көмекті жалғастыруды ұсынады.

Regnum: Беларусьтің бас қаласы Минскте он мыңдаған адам президенттік сайлауда жеңіп шыққан Александр Лукашенкоға қарсы жиналды.

Le Monde: Жапония ұлттық табысындағы тарихи азаюдың басты себептері коронавирус эпидемиясы мен ескірген процедуралар.

Le Figaro: Франция премьер-министрі эпидемияның асқынуына алаңдайды.

France 24:Covid-19: Францияда бір күндік расталған оқиға саны үш күннен бері үш мыңнан көп.

Егемен Қазақстан газеті: Елімізде бүгіннен бастап карантин жеңілдетіледі.

ҚазИнформ агентті: Қазақстан бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жоғарылады.

 



Ұқсас жаңалықтар