Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1471561
Әлем баспасөзіне шолу

 

Bild. de: Ковидке қарсы орыс  вакцинасын алғысы келетін  елдер бар.

Spiegel.de: Швеция эпидемия кезінде экономикасын жақсы сақтап қалды.

Le Monde: Франция премьер-министрі әкімдерден қоғамдық орындарда маска қолдануды кең таратуды талап етеді.

France 24: Франция премьер-министрі коронавируспен күресте жағдайдың нашарлап бара жатқанын айтты.

Le Soir: Бельгияның бас қаласы Брюссельде коронавируспен күресте маска тағудың міндеттеліп міндеттелмейтіні бірнеше күн ішінде белгілі болады.

El País (Испания): Жастар арасында вирустың таралуы Испанияның бас қаласы Мадридте коронавирусты бақылауға алуды қиындатуда.

Telesur (Венесуэла): Куба Ресей жетілдірген ковид вакцинасын өндіре алады.

Infobae (Аргентина): Еуропа Одағы Венесуэлада «еркін және әділ» сайлау үшін қажетті шарттар жоқтығын білдірді.

Al Jazeera: Бейрутта 4 тамызда болған жарылыстан бір аптадан кейін наразылықтар жалғасуда. Президенттік аппарат жарылысқа байланысты істі Сот кеңесіне тапсырды.

Addustour (Иордания): Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Америка Құрама Штаттарын алға рет сынап,  «аннексия жоспарын» орындамады деп айыптады.

Al-Raya (Катар): АҚШ өкілі: «Сауд Арабиясы үкіметі әлем көлемінде демократияға қауіп. АҚШ-тың одақтасы ретінде қаралмауы керек» деді.

İnterfax(Ресей): АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен ядролық келісімге қол қойылуын ең маңызды жаһандық мәселе деп атады.

rbk.ru: Орыс экономикасы ковид пандемиясы шыңына жеткен кезде 8,5 пайыз кішірейді. Бұл соңғы он жылдың ең үлкен көрсеткіші.

İzvestiya gazetesi: Беларусьте 12 тамыз күнінен бастап фейерверг саудасына тыйым салынды.

ҚазИнформ агенттігі: ҚР Үкіметінің делегациясы ресейлік вакцинаны сатып алуды талқылау үшін Мәскеуге барады.

Егемен Қазақстан газеті:  Қостанайлық кәсіпорын пандемиямен күреске 80 млн теңге бағыттаған.



Ұқсас жаңалықтар