Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1427932
Әлем баспасөзіне шолу

Süddeutsche Zeitung:  Германияда өндіріс саласы Сovid-19 эпидемиясының ықпалымен мамыр айында кішірею процесін жалғастырды.

zdf.de: Луфтганза Инспекция комитеті Еурокомиссияның шарттарын қабылдап, 9 миллиард евролық жәрдем пакетін бекітті.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ): Еуроодақ елдері Жерорта теңізі халықаралық заңдарды бұзуда.

Al Raya (Катар): Сирия Адам құқықтары ұйымы: 2020 жылы мамыр айында Сирия соғысы басталғаннан бері (2011) ең төмен айлық өлім оқиғасы тіркелді.

Al Jazeera (Катар):  Мысырда тағы 8 дәрігер коронавирус салдарынан қайтыс болды. Мысыр үкіметі коменданттық сағат режимін жеңілдетті.

Al Jazeera (Катар): Палестина жерінің аннекциясы. Израиль Қорғаныс министрі Бенни Ганц дайындықтарды жылдамдату үшін тапсырма берді. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президентінің кеңесшісі Джаред Кори Кушнермен тақырып жайлы телефонда сөйлесті.

Le Temps (Швейцария): Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп қолына христиандардың қасиетті інжіл кітабын алып, шерушілерге қарсы күш қолдаумен қорқытты.

France 24: АҚШ. Джордж Флойдтың ресми медициналық сараптамасы «қастандық» екенін растады.

El Pais: (Испания) Науқастардың 60%-ға жақыны «Covid-19» эпидемиясынан қорыққаннан медициналық операциядан бас тартуда.

El Mundo: (Испания) Жаңа тип коронавируспен күрес үшін қажетті гигиена мен денсаулық материалдарын қамтамасыз ету үшін кейбір мектептер студент басына шаққанда, жаңа бір тариф белгілеуге дайындалады.

RİA Novosti: Ресей Қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы теңдесі жоқ отандық бір вакцинаны сынақтан өткізу үшін еріктілерді сайлады: Бес әйел, барлығы 50 әскери қызметкер.

Lenta.ru: Путин атазаңға өзгеріс енгізу үшін бүкілхалықтық референдумның 1 шілде күні өтетінін жариялады.

TASS: Украина орыс энергия резервтеріне эмбарго тақырыбын күн тәртіпке әкелуді жоспарлауда.

ҚазИнформ агенттігі: Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет - балалардың қауіпсіздігі.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 5500-ден асты.



Ұқсас жаңалықтар