Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1420324
Әлем баспасөзіне шолу

Al Quds Al Arabi: Дональд Трамп еліне деген ұстанымы өзгермесе,  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан шығып кететінін айтты. 

Al Raye Al Qatariyye (Катар): Катар Халықаралық Хамед әуежайы жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне байланысты шараларын арттырады. 

Al Jazeera (Катар TV): Палестина мемлекет басшысы Аббас Вашингтон және Израильмен қол қойылған бейбітшілік келісімдерге бағынбайтындарын хабарлады. 

Deutsche Welle: Германиядан Түркияға саяхаттар, назар бүгінгі Маас-Ерсой кездесуінде. 

Stern.de: Дүниежүзі дәрігерлері төрағасы Франк Ульрих Монтгомериден ескерту: Еуропа Одағында шекараның туризмге ерте ашылуы қауіп төндіреді. 

Tagesschau.de: Еуропа Одағында жаңа автомобиль сату сәуір айында 76 пайыз азайды. 

El Pais (Испания): Испания қалыпты өмір арнасы күнтізбесінде тығыз шаралар қолдана отырып,  еуропалық көршілерінен бөлек ұстаным ұстануда. 

El Mundo (Испания): Бүгіннен бастап Испанияда халыққа ашық жерлерде алты жасынан үлкен баршаға маска тағу мәжбүр болады. 

TeleSur (Венесуэла): Венесуэла шекарада медициналық пункттер қалыптастырып, Чили, Бразилия, Эквадор, Перу және Колумбиядан келетін азаматтарын осында 14 күн карантинде ұстайды. 

Le Figaro: БҰҰ миллиондаған африкалықтың асыра кедейлік қаупімен бетпе-бет екенін білдірді. 

Le Parisien: Renault Флинс қаласындағы зауытты да қосқанда Францияда төрт зауытты жабуды жоспарлауда. 

Le Soir (Бельгия): Бельгиядағы коронавирус науқастарының жартысынан көбі вирустың жұмыс орнында жұққанын айтады. 

Gazeta.ru парақшасы: Ресейде Жеңіс парады мен Атазаң референдумы 24 маусым күні ұйымдастырылуы мүмкін. 

İzvestiya газеті: Ресейдің АҚШ-тағы өкілетті елшілігі  Bloomberg телеарнасынан Ресейдегі КВИ ауруханадарына байланысты хабарларды жалғанға шығаруын сұрады. 

Lenta.ru парақшасы: Ресей әкімшілігі азаматтардың зейнеткерлікке ерте шығу шарттарын жеңілдетуге тырысады. 

ҚазИнформ агенттігі: Мәжіліс бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына сенаторлар енгізген өзгерістерді қолдап дауыс берді.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар