Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1411774
Әлем баспасөзіне шолу

Al Quds Al Arabi: Катар әлем көлемінде коронавирустан туындаған ең төмен өлім-жітім мөлшеріне ие.

Al Quds Al Arabi: Израиль басқыншы армиясы Газа секторындағы нысандарды бомбалады.

Al Jazeera (Катар): ЮНИСЕФ: Әлем көлемінде ел-жұртынан айрылған 19 миллион бала коронавирустың әсеріне душар болуда.

Alghad (Иордания): Израиль Иордания жазығындағы жерлерді өзіне қосып алу үшін әлемнің коронавируспен арпалысуын мүмкіндік ретінде пайдалануда.

Kurier.at: Германия мен көрші елдер шекара бақылауын мамыр айының ортасында жеңілдетеді.

t-online.de: Германияда уәлаяттардың экономика министрлері гастрономия кәсіпорындарын 9 мамыр күні ашқысы келеді.

Welt.de: Германия футбол лигасы 15 мамырда басталуы мүмкін.

Le Monde: Франция президенті Эммануэль Макрон мәдениет саласы үшін шараларды жариялайды.

Le Figaro: Франция Сенаты медициналық төтенше жағдайды созатын жобаны қабылдады.

Le Parisien: Карантин кезінде француздар орташа екі жарым келі салмақ қосты.

El País (Испания): Медициналық қызметкерлер үшін Мадрид үкіметі сатып алған 100 мың сынама сенімді емес.

Infobae (Аргентина): АҚШ Венесуэладағы Гидеон операциясына байланысты Мадуро әкімшілігі тарапынан қате мәлімет берілгенін білдірді.

Prensa Latina (Куба): Кубалықтар Covid-19 үшін жүргізілген шараларды қолдайды.

Lenta.ru ақпарат парақшасы:  Covid-19 жұқтырып алған Ресей премьер-министрі Мишустиннің денсаулығы жақсы. Емі жалғасуда.

TASS ақпарат агенттігі: Ресей президенті Владимир Путин елдегі коронавирус жағдайына байланысты жиналыс өткізеді.

 Russian.rt hақпарат парақшасы:  Орыс ғалымдар коронавирустан қорғану үшін нано-сымдардан тұратын жаңа медициналық маска ойлап тапты.

ҚазИнформ агенттігі: Президент Жарлығымен бірқатар қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Егемен Қазақстан газеті: Президент Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы Жарлыққа қол қойды.


 

 



Ұқсас жаңалықтар