Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі коронавирус хабарларына орын берген.

1386072
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: Германия Италия және Франциядан «Сovid-19» науқастарын қабылдайды.

Handelsblatt.com: Федералдық Мәжілістен коронавирусқа қарсы 750 миллиард евролық экономикаға қолдау пакеті.

Tagesschau.de: Коронавирус себепті қаза тапқандар саны мыңнан асқан АҚШ-та әсіресе Нью-Йорк қаласында жағдай нашарлауда.

El País (Испания): АҚШ әлемде ең көп коронавирусты инфекция жағдайы тіркелген ел ретінде Қытайды артта қалдырады.

La Prensa (Куба): Куба әлемді Сovid-19-ға қарсы бірігуге шақырады.

El Mercurio (Чили): АҚШ Мадуроны есірткі саудасы жасаумен айыптап, ұстау үшін басына бәйге тігеді.

Le Monde : Коронавирус: Бір миллионнан астам француз бір аптаның ішінде Парижді тастап кетті.

Le Figaro : Коронавирус: Клорокин дәрісін енді аурухана дәрігерлері ем үшін жазып береді.

Le Parisien : 16 жаста Сovid-19-дан көз жұмған Жулидің әпкесі көз жасы төгіп, ешкімнің (вирусқа қарсы) жеңімпаз емес екенін айтты.

TASS: Ресей 27 наурыздан бастап халықаралық рейстер мен чартер ұшақтарына толығымен тыйым салды.  

РИА Новости: Ресей Тікелей инвестиция фонды бас директоры: Ресей Сovid-19-ға қарсы жеңіске жетуде маңызды рөл ойнайды.

Известия: Өзбекстанда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді.

Alsharq Alawsat (Сауд-ағылшын): Коронавирус салдарынан Иордания мен Ирбид қалалары толығымен карантинге алынды.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Ирак: Бағдаттағы үкімет ғимараттары мен шетелдік өкілеттіктер орын алған аралық аймаққа зымыран шабуылы жасалды.

Отан (Оман): Оман Сұлтандығы: елде коронавирусты жұқтырған адам саны 99-ға жетті.

ҚазИнформ агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев: Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз.

Егемен Қазақстан газеті: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді.



Ұқсас жаңалықтар