Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі коронавирус тақырыбына орын берген.

1383159
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Коронавирус себебімен мемлекеттік қызметкерлердің сексен пайызы үйден жұмыс істейді. 

Al-Ayam (Бахрейн): Коронавирус себебімен Сауд Арабиясы 21 күнге сағат 19.00-06.00 арасында көшеге шығуға тыйым салды. 

Alsharq Alawsat: Америка Құрама Штаттарында бір  күнде жүз кісі коронавирус салдарынан қайтыс болды. Вирус Сенатқа жетті және бір мүше вирус жұқтырып алды. 

ard.de: Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус себебімен карантинге алынды. 

Deutsche Welle: Германияда сақтық шаралары: Германияда екіден көп адамның бас қосуына тыйым салынды. 

zdf.de: Коронавирус карантині ауаның сапасын арттырды. 

El País (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес вирус дағдарысына қарсы Еуропа Одағынан жаңа Маршал жоспарын сұрады. 

La Vanguardia (Испания): Испания бір күнде коронавирустан 394 адамнан айрылып қалды. Қайтыс болғандар саны  1720-ға, науқас саны 28572-ге жетті. 

Infobae (Аргентина): Венесуэлада өзін мемлекет басшысы деп жариялаған Хуан Гуаидо президент Мадуроны коронавирус шындықтарын жасырды деп айыптады және Венесуэланың “апат алдында” екенін айтты. 

Le Monde: Францияда коронавирус жұққан бір дәрігердің өлімі тіркелді. 

Le Parisien:Францияның барлық жерінде үйден шықпау тыйымы артуда. 

Le Figaro: Коронавирустан соңғы 24 сағатта 112 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны  674.

RİA Novosti: Ресейде жаңа 71 оқиға тіркелді. 

TASS: Ресейге Қытайдан 25,5 миллион маска жеткізілді. 

Lenta.ru: Ресейде кейбір несиелер кешіктірілуі мүмкін. 

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61-ге жетті.

ҚазИнформ агенттігі: Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды.



Ұқсас жаңалықтар