Әлем  баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1372380
Әлем  баспасөзіне шолу

Deutschlandfunk: Түркия мен Грекия арасындағы жағдай: Ердоған Еуропаға екі жылдан бері ескерту жасап келді.

Süddeutsche Zeitung: Путин мен Ердоған Идлиб дағдарысын қолға алады.

Deutsche Welle: Коронавирус салдарынан Италия мектептері мен университеттері уақытша жабылды.

Al sharq Al-Awsat: Сауд Арабиясында Ираннан келген бір азаматта  екінші ''Сovid-19"  оқиғасы анықталды.

Al Quds Al Arabi: Израиль Хумусқа шабуыл жасады. Шабуылда Сирия режим армиясынан бір әскер қаза тапты және бір әскер жарақат алды.

Al Jazeera: Сауд Арабиясы умра қажылығына баруды өз азаматтары мен сол жерде тұратындар үшін уақытша тоқтатты.

El Mundo (Испания): Еуропа Одағы шекарасындағы босқындар «Мылтықтарды алып бізге оқ атты» деді.  

La Vanguardia (Испания): Испания жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан екінші адамның қайтыс болғанын білдірді. Оқиға саны 200-ге жетті.

Infobae (Аргентина): Венесуэлада өзін «уақытша мемлекет басшысы» деп жариялаған оппозиция лидері Хуан Гуайдо халықты диктаторлыққа қарсы 10 наурызда қайтадан ереуілге шақырды. Ол «Халықты тоқтата алатын ешқандай күш жоқ» деді.

Le Monde: Түркияның босқындарға шекараны ашуынан кейін Еуропа Одағы шешім ізденісіне кірді.

Le Figaro: Коронавирус жайлы  Макрон мен Трамп «Үлкен жеті елдері саммиті» аясында ынтымақтастық жасауға дайын.

Le Parisien: Жастарға жәрдем беру үшін Париж қаласы мешіттері мамандық форумдарын ұйымдастыруда.

Gazeta.ru: Путин мен Ердоған Мәскеуде Идлибтегі дағдарысты қолға алады.

Москва 24: Путин Ердоған бас қосудан бұрын Сирияның Идлиб маңындағы жағдай жайлы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерімен кездесті.

Lenta.ru: Ресей Сириядағы әскери жасақтарын күшейтті.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Президент «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді.

Егемен Қазақстан газеті: Алматыда Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар