Әлем  баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1265976
Әлем  баспасөзіне шолу

Le Monde: Маусым мен шілде айындағы ыстық ауа райы Францияда 1500 адамның өліміне себеп болды.

Le Figaro:Дориан дауылы: Француз әскерлер Багам аралдарына жолданды.

 Le Parisien: Париждің 17-ші аймағындағы қариялар үйінде өрт шығып,  бір кісі ауыр жарақат алды.

El Pais (Испания): Испанияда социалистік партия басшылары балама жол іздеп, сайлаудан аулақ болуға тырысуда.

Clarin (Аргентина): Бразилия басшысы Жаир Болсонаруға ота жасалды. Оның денсаулығы жақсы.

El Mundo (Испания): Испандық теннисші Надал АҚШ Ашық теннис турнирінде 19-шы Гранд Слам жеңісін алды.

Regnum ақпарат парақшасы: Мәскеудегі жергілікті сайлауда биліктегі «Единая Россия» партиясы жеңісін жариялады.

RT ақпарат парақшасы: АҚШ орыс дипломаттарға бағытталған шектемелерге берілетін жауаптан қорқады.

Gazeta.ru ақпарат парақшасы: АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасуға ризашылықпен қарады.

Deutsche Welle (DW): АҚШ президенті Дональд Трамп Талибанмен келіссөздерді тоқтатты.

Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ): British Airways ұшқыштары ереуілге шықты. рейстердің барлығы тоқтап қалды.

Süddeutsche Zeitung: Месут Өзил Арсенал-Бернли матчын трибунадан тамашалады.

Alsharq Alawsat: Біріккен Араб Әмірліктері басшысының орынбасары,  премьер-министр және Дубай әмірі Шейх Мұхаммед Бин Рашид Дубай метросының 10 жылдығына орай баяндама жасады.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Израиль Хамастың ұшқышсыз әуе көлігіне алаңдайды.     

Al-  Hayat (Ливан): Иран қысымдарын арттырды және ядролық істеріне байланысты жауапкершіліктерін шектеуді алға тартты.

ҚазИнформ агенттігі: Қазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары енгізіледі.

Егемен Қазақстан газеті: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар